Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ұлы дала тарихы
Түсінік хат
«Ұлы дала тарихы» факультатив сағаттарында Ежелгі Қазақстан тарихы сабақтарында қамтып өту мүмкін болмайтын тұстарын оқушыларға тереңірек ұғындыра түсу үшін сабақты түрлендіріп, әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, өзімнің жинақтаған тәжірибемді сарып етіп, балалардың бойында өткен тарихтан нәр ала алатындай бала жадында отан тарихына деген сөнбес қызығушылық ояту – менің мақсатым.
«Өткеніңді білмей, болашағыңды бағамдай алмайсың» деген аталы сөзді жас жеткіншектің бойына сіңіру. Адамзат тарихының жас баланың өсу, жетілу барысы секілді өткен өз жолы болғанын салыстыра саралай алса, оқушыларымның бұл – жетістігі болары анық.
Өте ұзақ тас дәуірі, одан кейінгі қола дәуірінің жетістігі және темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттік құрылымдар туралы әр түрлі сипаттағы сабақтар өту – балаларға қызықты және ұғынықты болар деп ойлаймын.
Оқушылардың ғылыми жүйелі және бірізді білім алуына мүмкіндік туғызып, сабақтарымда барынша оқытудың жаңа технологияларын пайдаланамын.
Сабақ өту барысында сөз саптау, сөйлеу мәдениетін көтеру және адмгершілікті, өркениетті қоғамның тұлғалы, мемлекетшіл және ұлтжанды азаматын қалыптастыру – менің асыл мұратым.

Тақырыптар
1 Ежелгі және қазіргі Қазақстан
2 Терімшілік пен аңшылық – ежелгі адамдардың кәсібі
3 Қауым және қоғам деген не?
4 Тобыр мен ру
5 Тас еңбек құралдары мен қарулары
6 Сананың дамуына еңбектің әсері
7 Әртүрлі діни сенімдердің пайда болуы
8 Адамзат қоғамының үнемі өзгерісте болуы
9 Қола дәуірі - зергерлік өнердің бастауы
10 Темірді игеру
11 Сақтар туралы жазған авторлар
12 Сақтар – жауынгер халық
13 Ежелгі Египет қабірханалары мен сақ қорғандарының ұқсастықтары
14 «Аң» және полихромдық стилдердің ерекшеліктері
15 Обалар мен қорымдар
16 Сақ қорғандарының қазіргі жай - күйі
17 Сауда жасау қалай пайда болған?
18 Мәдениет деген не?
19 Материалдық және рухани мәдениет
20 Қазақ жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар
21 Қазіргі мемлекеттер
22 Өркениет деген не? Көшпелі өркениет
23 Ежелгі Қазақстан тарихының терминдері
24 Ежелгі дәуір ауыз әдебиеті
25 Ежелгі Қазақстан тарихынан тесттер
26 «Тарихи мозайкалармен» жұмыстар
27 Ежелгі Қазақстан
Тарихи есімдер
28 Көп нүктенің орнындағы тиісті сөзді табу
29 Пән бойынша тест орындау
30 Сөзжұмбақтар құрастыру
31 Ежелгі Қазақстанның басты оқиғалары
32 Алғашқы қауымдық қоғам мен таптық қоғам
33 Тас, қола және темір дәуірлерін салыстыру
34 Адамзаттың «асыл мұраты»

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
№50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия
тарих пәнінің мұғалімі Изетова Ханым Басқанқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама