Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Үміттің күші

Психобиолог др. Курт Пол Рихтер 1957 жылы Джон Хопкинс университетінде тышқандарға жасаған зерттеуінде «үміт» күшінің, яғни «үмітті үзбеудің» өмірге деген құлшыныс үшін қаншалықты маңызды екенін айқындайтын нәтижелерге қол жеткізеді.

Ассистенттерімен бірге бір топ тышқандарға жүргізген тәжірибеде шыны ыдысқа жартылай су құйып, тышқандардың су бетінде қанша уақыт тұра алатынын анықтамақ болады. Тәжірибенің алғашқы сатысында тышқандардың 15 минутқа жуық су бетінде қалғи алғандарын байқайды. Алайда келесі кезеңдерде бұл уақыттың ілгерілеп кейбір тышқандардың сағаттап су бетінде қалғи алғанына куә болады. Мұның себебін анықтау үшін др. Рихтер мен ассистенттері тышқандардың бір бөлігін соңғы сәтте, өлуге шақ қалғанда судан шығарып алады. Үстілерін құрғатып, біраз уақыт басқа тышқандардың жанына жіберіп, кейін қайтадан суға жібереді. Артпа-арт қайталанған бұл тәжірибеде, әр келесі суға жіберілгенде тышқандардың алдыңғыдан да ұзағырақ суда қалғи алатындарын байқайды. 24 сағаттан кейін қайталанып жүрген бұл тәжірибеде бұған қатысқан тышқандар мен қатыспаған тышқандар арасында үлкен айырмашылық анықталады. Тәжірибеге қатысқан тышқандар жағдайдың тым үмітсіз емес екендігіне сеніп, өмірге деген құлшынысы, төзімділігі артқаны байқалады. Тышқандардың 60 сағатқа дейін суда қалғи алғандығы тіркелен. Зерттеу нәтижесінде тышқандар басына төнген бұл жағдай өмірінің соңы еместігін, бұл қиыншылықтан құтылатындығына күдер үзбейтін халге келеді. Олар әр кезеңде алдыңғыдан да көбірек құлшыныс жасаудың, тірі қалудың себепкеріне ие болған еді. Оларды тірі қалуға итермелеген күш «үміт» болатын. 

Оқуға кеңес береміз:

Уолт Дисней жетістігінің тарихы

Toyota тарихы: тоқыма станоктың орнын көлікке алмастыру


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама