
- 08 сәу. 2025 08:26
- 120
1,2 миллион украин босқыны – белгісіз болашақтың күйінде
Еуропада паналап жүрген 1,2 миллионнан астам украиналықтың тағдырына қатысты шешуші кезең жақындап келеді. Германия үкіметі мен Еуроодақ шенеуніктері соғыс тоқтаған жағдайда босқын мәртебесі қайта қаралатынын мәлімдеді. Бұл — мыңдаған отбасының өміріне тікелей әсер ететін аса маңызды мәселе.
Атап айтқанда, Германияның ішкі істер министрлігі Ресей мен Украина арасындағы соғыстың ықтимал аяқталу жағдайын ескеріп, босқындардың болашағын ЕО деңгейінде саралауға дайын екенін жеткізді. Министрлік өкілі Максимилиан Кальдің айтуынша, қазіргі таңда атысты тоқтату туралы нақты белгілер жоқ, бірақ дипломатиялық үдерістер жүріп жатыр.
Соғыс тоқтаған күннің өзінде, босқындардың қайтарылуы бірден жүзеге аспайды. Ең бастысы — олардың отанына аман-есен оралуына толық кепілдік берілуі керек. Бұл үшін қауіпсіздік, инфрақұрылым, әлеуметтік қолдау және саяси тұрақтылық секілді мәселелер басты назарда болмақ.
Келесі кезеңде Еуроодақтың ішкі істер министрлері украиналық босқындардың тағдырын, олардың өз еліне оралу шарттарын, мерзімдерін және мүмкіндіктерін жан-жақты талқыламақ.