15 қараша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Теңгенің енгеніне 25 жыл (1993 ж.)
Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы
«Майлыкент» жалпы орта мектебінің
10 сынып оқушысы Нұрланқызы Арай
Жетекшісі: Айсадыкова А.Д.
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп, бір теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО мен мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961-1991 жылдары шығарған рубльдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып, отырғанымызда жасырын емес. Әсіресе 1 рубльдегі қолма-қол ақшаны 2 рубльдегі қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырығаннан кейін кейбір оның құрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкноттар шығаратын фабрикасымен Монета сарайы болмады.
1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымызды 3,5,10,20,50,100 наминалдағы банконаталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшын пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткееткен «Хорисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісім шартқа байланысты шығарылды.
1992 жылы 26 шілде күні Ресей өзінің төл валютасын енгізгеннен бастап, өзге елдердің соның ішінде «рубль аймағында» Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікістан сияқты елдердің қаржылық жүйелерін бөліп жібергендігін хабарлады. Сондай-ақ Ресей Орталық банкі Қазақстанға қазақ нышандары бар рубльді шығарып беруге ұсынған.
Соған қоса олардың мынандай талаптары болды: біріншіден, егер рубльді пайдалану үшін Қазақстанның, Ресейдің құрамына Ресей федерациясының субъектісі ретінде енуі; екіншіден, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жинаған небәрі 700 миллион АҚШ долларындағы алтын-валюта резервін Ресейдің орталық банкіне тапсыру. Қорыта айтқанда, олар өз рубльін бізге пайдалану үшін Қазақстан Тәуелсіздігімен төлеуді ұсынды. Сол уақыттан бастап, Қазақстанда КСРО-ның рубльдері ғана айналыста қалды және өзге рубльден бөлінген аймақтардан олардың келуіне шек қойылмады. Ақыры, оған дейін құнсызданған рубль әрі қарай құнсызданып, инфляция қарқыны 2900 пайыздан асты. Міне осындай келеңсіз оқиғалардың орын алуы Қазақстанның, төл валютасын шығаруға еріксіз жол сілтеді. Сөйтіп, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15-18 қарашада КСРО-ның 1961-1991 жылдарда шығарған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты. Осы сәттен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі эмиссиялық банк болып табылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің эмиссиялық қызметі оның құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Банкнот фабрикасының банкноттары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады.
Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдары биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігіналған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.
1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» жарлық шығарды.
Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғарғы кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.
Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет», - деді.
Теңгенің әлемдік биржада 2006 жылдан бастап төбесінде сызығы бар Т әрпімен белгіленіп келеді. Ұлттық банк жариялаған үлкен байқаудың қорытындысы бойынша осы символ үздік деп танылып, оны ойлап шығарушылар миллион теңге сыйақы алды.
Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Хорисон және оның ұлдары» фабрикасында басылып шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары тасыды. Бір аптаның ішінде олар Лондонға 18 рет ұшып барып-қайтып келген. Жаңа валютаның айналысқа енгізілуінің көрші елдерден құпия ұсталғаны сонша барлық құжаттарда Президент Резиденциясының құрылысы үшін құрал-жабдықтар тасылуда деп жазылған.
Алғашқы теңгелер жер асты қоймаларынан елдің барлық банктеріне 8 күн ішінде жеткізілген. 1993 жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шықты. Қарашаның 12-сіндегі Президент Жарлығынан 3 күннен кейін теңге айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада таңғы 8.00-де басталып, 20 қараша күні 20.00-де аяқталды. Ұлттық банк алғашқыда 1 теңгені сол кездегі 1000 рубльге бағалаған. Кейін елміздің саяси және әлеуметтік, мемлекетаралық қатынастары ескеріліп 1 теңге 500 рубль болды. Ал бірінші айналымға енген 1 теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны 4,35 теңге болды.
1992 жылы теңге дизайнындағы бейнелер бекітілді. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері. Алатау мен Көкшетау көріністері. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі. Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте - Абай, елу теңгелікте – Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылайхан бейнесі салынған. Теңге дизайнерлерінің бірі – Прага сәулет институтының түлегі, бірнеше халықаралық конкурсттардың жеңімпазы Х.Габжалеловтың пікірінше, ақшада айтулы азаматтардың бейнесін берудің бірнеше себебі бар. Бірішіден, қосымша күрделі бедер – бейнелер банкноттарды қолдан жасаудан қорғайды, екіншіден тарихи тұлғаларымыздың суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын танытады және қазақ ақшаларын әлемдегі басқа валюталардан даралап, айшықтап тұрады.
Қазақстанның ақша сарайы металл тиындарды шығаруға дайын болмағандықтан жедел түрде қағаз түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан соң оларды металл тиындарға ауыстырды. 1994 жылы қағаз тиындар жезден жасалған монеталармен алмасты.
1993 жылы құрылысы басталған банкнот фабрикасы 1995 жылы толық аяқталды. 19 мамыр 1995 жылы ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл стратегиялық нысанға осынша көп журналистке кіруге алғаш рет рұқсат берілді. Н.Назарбаев осында басылып шыққан алғашқы миллион теңгені бүкіл Қазақстанға көрсетеді.
1995 жылы Алматыда өз банкнот фабрикамыздың тұсауы кесілді. Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде басып шығарады.
2006-2011 жылғы банкнот фабрикасы ұлттық ақшаның түрлерін басып шығарды. Теңге 2006 жылы өз бейнесін өзгертті.
2006 жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді. Барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат нышандарының бейнелері кіреді.
Банкноттардың бет жағында, ортаңғы бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі қазіргі заманғы сәулеттің конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкноттың ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының әнұраны ноталарының фрагметнттері бейнеленген, оларға номиналды сандық белгісі жазылған. «Бәйтерек» ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған. Оң жақ жоғарғы бөлігінде – мемлекеттік жалау бейнеленген. Банкноттың төменгі бөлігінде сенімді, шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдика ашық алақан бейнеленген.
Оң жақ төменгі бұрышында тігінен номиналы 200, 1000, 2000 теңге деп жазылған.
Теңгенің сипаттамасы – 2006 ж.
200 теңге. Басым түсі: сарғылт-жасыл. Мөлшері:126х64мм
500 теңге. Басым түсі: көкшіл-сұр. Мөлшері:130х67мм
1000теңге Басым түсі: сарғыш-қоңыр. Мөлшері: 134х70мм
5000 теңге Басым түсі: күңгірт қоңыр – қызыл. Мөлшері: 142х76 мм
10000 теңге. Басым түсі: күлгін – көк. Мөлшері: 146х79 мм
2011 жылы 25 мамыр Ислам конференциясының ұйымдарындағы Қазақстан өкілдігіне арналған теңге.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына
Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдығына
2010 жылы 1 мың теңгелік көкшіл-жасыл
2011 жылы Қысқы Азияда ойындары
2011 жылы Тәуелсіздікке арналған теңге түрлері
2011 жылы қарашаның 15-і Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің қолданысқа енгеніне 18 жыл толды.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің басты атрибуты – ұлттық валюта күні.
«Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны». Н.Назарбаев.
Қорытынды.
Қазір ел экономикасы даму үстінде. Сондықтан теңгенің тұғыры да тұрақты. Қазір ол жақын шет елдерде сұранысқа ие. Мәселен, теңге Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейде евро, доллармен бірге айналымда жүр. Бүгінде осы аумақты Ресей мен Қазақстанның экономикасы ілгерілеу тұр. Рубль мен теңгенің қарым-қатынасы жақсы. Ұлттық валютаның бүгінгі тұғыры бір қалыпты. Жалпы, ұлттық валютаның құны ел экономикасының өсімімен белгіленіп отырады. Басқа валютаның қатынасына қарай құны белгіленеді. Жалпы көршілерде теңгені сатып алуға құқы бар, ендеше қазақ валютасына да сұраныс бар. Теңге – дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі. Теңге өзінің тарихи функциясын толығымен орындап шықты, әлі де өз құндылығын дәлелдей бермек.
Пайдаланылған әдебиетттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары.
2. Жамбыл Артықбаев, Әділман Пірманов, «Қазақстан тарихы», энсиклопедиялық басылым, Алматы «Атамұра» 2008
3. «Егемен Қазақстан» газеттері
4. «Дала мен қала» газеттері
5. «Уақыт тынысы» газеттері
6. «Экономика білім негіздері» журналдары.