Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
7 мамырда Астанада әскери шеруге байланысты бірнеше көше уақытша жабылады

Отан қорғаушылар күніне орай 7 мамырда Астанада әскери шеру өтеді. Осыған байланысты қаладағы бірқатар көшелерде қозғалыс шектеледі, деп хабарлады қала әкімдігі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін үш негізгі алаңнан шеру тікелей көрсетіледі:

  • EXPO аумағы (Түркістан және Ақмешіт көшелері жағынан кіру);
  • Қалалық алаң (Астана қаласы әкімдігінің алды);
  • "Astana Music Hall" тұрақ алаңы (Б.Момышұлы даңғылы, 1, Құмыра ауданы).

Шеру аяқталған соң, сағат 12:00–15:00 аралығында осы үш алаңда эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Әкімдік жол қозғалысындағы шектеулерге байланысты қала тұрғындарына маршруттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

Жаңалықтар

Жарнама