Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Ресейге кіруге тыйым салынған қазақстандықтар тізімінде депутаттар да бар

Deutsche Welle басылымы Ресей Федерациясына кіруге тыйым салынған шетелдік тұлғалардың тізімін жариялады. Тізімге Қазақстаннан бірнеше қоғам белсенділері мен саясаткерлер енген.

Атап айтқанда, саясаттанушылар Досым Сатпаев пен Димаш Әлжанов, қоғам белсенділері Мұхтар Тайжан мен Тоғжан Қожалы, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Ермұрат Бәпи мен Айдос Сарым Ресейге кіре алмайтындар қатарында.

Айдос Сарым Deutsche Welle-ге берген пікірінде бұл мәселе алғаш рет 2021 жылы көтерілгенін айтты.

Ресей тарапы бұл тыйымдарға нақты себептерді жарияламаған.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама