Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы: тарих және статистика

"…идеалистік бағытта біртуар туынды жазып шыққан жазушыға беріледі..."

Альфред Нобельдің өсиетнамасынан

Әдебиет саласындағы лауреатты Швед академиясы таңдайды. Мұны 1786 жылы Густав ІІІ патша«швед тілі мен ауыз әдебиетін реттеу және меңгеру» үшін арнайы ұйымдастырған.

Нобель комитетінің жарғысында «беллетристика ғана әдебиет болып табылмайды, формасы немесе стилі жағынан әдеби құндылық саналатын басқа да шығармалар жатады» делінген.

Нобель сыйлығына ұсынылатын шығармаларға талаптар соңғы кездері біршама жеңілдеді. Енді соңғы жылдары жазылған туындылар ғана емес, сол автордың «осы уақытқа дейін маңыздылығы бағаланбай келген», ертеректе жазылған шығармалары да қаралатын болды.

Альфред Нобель не айтпақ болды?

Физика, химия және медицинамен едәуір түсінікті болса, онда әдебиет саласында жүлде тағайындау біраз қиындық тудырады. Біріншіден ол ғылым емес, екіншіден, онықандай да бір қатаң шеңберлерге салып қоюға болмайды.

Швед академиясы өз таңдауында Нобель қорының «жүлдеге ұсынылған жұмыстар адамзатқа барынша пайдалы болуы тиіс» деген ортақ жарғыларына ғана емес, Нобельдің әдеби шығарма«идеалистік бағытта» ұсынылуы керек деген жеке ескертулеріне де назар салуы керек.

Бұл екі критерий де тұманды, әсіресе біраз дау тудыратыны – екіншісі. Идеализм жайлы айтқанда Нобель нені меңзеген? Швед академиясынан Нобель өсиетнамасының түсіндірмесі жайлы тарихын бақылау өте қиын, себебі қор жарғысына сәйкес, бар құжатнама мен көшірмелер 50 жыл бойы құпияда ұсталуы тиіс.

Бүгінде Нобельдің идеализм жайлы өсиетнамасы әдебиеттегі идеалистік бағытты емес, шығарманың таза орындалуын, тілі мен стилінің мүлтіксіз болуын меңзеген деп түсіндіріліп жүр.

Еуропалық идеализмнен дүниежүзілік әдебиетке дейін

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының бастапқы сатысында (1901-1914) идеализмді бөлек бір сала деп қарастырып, басты назар соған аударылды. Сондықтан Лев Толстой емес, британдық Редъярд Киплинг пен неміс Пауль Хейзелер Нобель лауреаттары атанды.

ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Академия идеализмнің тар анықтамасынан арылып, «кең гуманизм» идеяларымен ерекшеленетін шығармалар мен авторларға көшті. Осы толқында Анатоль Франс пен Бернард Шоу сияқтыларлауреататанды.

30-шы жылдары «адамзатқа игілікті туынды» тұжырымына сәйкес заманауи қоғамның өмірін жақсы және жаман жағынан суреттейтін жазушылар таңдалды. Осылайша әдебиеттен тұңғыш Нобель сыйлығын Синклер Льюис жеңіп алды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тағы да бағыты өзгеріп, және әдебиетте «жаңа бағытқа жол ашқан» үміткерлер аса танымалдылыққа ие болды. Дәл осы ретте Герман Гессе менСэмюэл Беккеттің жолы болды.

Соңғы жылдары әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын барынша әмбебап ету үшін Швед академиясы бүкіл әлемнен аса танымал емес авторларға көңіл аудара бастады.

Өз еркімен және мәжбүрмен

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы тарихында одан екі рет бас тартқан жағдайлар болған. 1958 жылы Борис Пастернак басында жүлдені алуға келісім беріп, кейін кеңес билігінің қысымынан одан бас тартқан.

Екінші болып 1964 жылы Нобель сыйлығын Жан-Поль Сартр қабылдамады. Ол өмір бойы осыған ұқсас ресми мадақтардан бас тартып келген.

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын бірде - бір кандидат екі рет алып көрмеген.

Тілі маңызды ма?

Альфред әдебиеттен Нобель кандидаттарының тек Скандинавия елдерінен немесе Еуропадан ғана болмауына аса назар аударған.

Бүкіл әлемнің әдеби шығармаларымен танысуына тура келген Швед академиясы мүшелеріне қаншама жұмыс атқару керек болғанын елестетіп көріңіз?

Әдебиеттен Нобель жүлдесін бірнеше рет тым «еуропеидтік» деп айыптаған. Бірақ 1984 жылы Швед академиясы бүкіл әлемнің жазушыларын қамтитындай бар мүмкіндікті жасайтындарын айтты.

Ағылшын тілі алда келеді

Әдеби жүлдеге үміткерлердің ішінде бірінші орынды ағылшын тілді жазушылар (27) иеленеді, олардан кейін француздар (14), немістер (13) және испандықтар (11). Ресей бес Нобель лауреатымен жетінші орында.

Жүлде мен жанрлар

Әдеби жанрлардың ішінде проза абсолютті лидер (77) болып табылады, одан кейін поэзия (33), драматургия (14), әдеби және философиялық эссе (3) мен тарихи еңбектер (2) орын алады.

Британия премьері Уинстон Черчилль 1953 жылы тарихи шығармасы үшін әдебиеттен Нобель сыйлығының лауреаты атанған. Жүлдені дәл оған беруінің негізінде: «тарихи және биографиялық суреттеудегі шеберлігі үшін, сондай-ақ адамзаттың игі құндылықтарын қорғайтын тамаша ораторлық өнері үшін» деген желеу жатыр.

Үздіктердің үздігі

Швед академиясы авторлардың барлық шығармаларын бағалауға тырысқанымен, тоғыз жағдайда ғана Нобель жүлдесін нақты әдеби шығармалар алған.

Бұл тізімде Михаил Шолоховтың «Тынық Доны», Джон Голсуорсидің "Форсайттар туралы сагасы", Томас Манның"Будденброгы" және Эрнест Хемингуэйдың "Қарт пен теңізі"бар.

Әдеби медаль

Нобель медальдарының барлығының аверсінде Альфред Нобельдің бейнесі, ал реверсінде – сәйкес ғылым немесе өнердің аллегориясы соғылған.

Әдебиеттен берілетін медальдa лавр жапырағының астында отырған жігіт бейнеленген. Ол музаның айтып жатқанын мұқият тыңдап, жазып отырады.

Бетінде "Inventas vitam juvat excoluisse per artes" деп латынша жазылған жазба бар. Бұл жол Вергилияның «Энеида» поэмасынан алынған және шамамен былай аударылады: "Жер бетіндегі өмірді жаңа өнерімен жақсартқандар".

Медальдi  швед мүсіншісі Эрик Линдберг жасаған.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама