Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Алматы облысында мұғалім мен жасөспірімге қатысты оқиға бойынша тергеу басталды

Алматы облысы, Өтеген батыр ауылындағы қонақ үйлердің бірінде 6 мамырға қараған түні жүргізілген рейд кезінде 33 жастағы азамат пен 13 жасар қыз анықталды. Аталған жағдай бойынша құқық қорғау органдары тексеру бастады.

Тергеу мәліметінше, ер адам – музыка пәнінің мұғалімі, Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория түлегі. Ол жергілікті оқушылар үйінде қосымша білім береді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 122-бабы ("Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тараптардың айтқандары мен оқиға мән-жайы толық анықталып, құқықтық баға беріледі.

Қонақ үй иесінің айтуынша, қыз өз еркімен келген және жасын жасырған болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл оқиғаға дейін де оның үйінен кетіп қалғаны және ата-анасы тарапынан іздеу салынғаны белгілі болды.

Құқық қорғау органдары тергеудің әділ әрі объективті жүргізілетінін мәлімдеді. Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда, заң аясында қатаң жаза қарастырылады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама