Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Алматыда Абайдың 180 жылдығына орай көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Алматыда Абайдың 180 жылдығына орай көлік қозғалысы уақытша шектеледі

10 тамыз күні Алматыда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шараларға байланысты бірқатар көшелер жабылады. Сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Абай даңғылының Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі, сондай-ақ Достық даңғылының Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі қозғалысқа жабық болады.

Бұл уақытта Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі өтеді. Әкімдік мәліметінше, мерейтой аясында жыл соңына дейін қалада 120-дан астам іс-шара ұйымдастырылады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама