
Apnews
- 22 шіл. 2025 15:10
- 28
Ресей билігі WhatsApp-ты бұғаттап, өз мессенджерін енгізбек
Ресейде ұлттық мессенджер құру бастамасы заңмен бекітіліп, президент Владимир Путин қол қойған. Бұл қадам шетелдік мессенджерлерді, соның ішінде WhatsApp-ты бұғаттау жоспарына жол ашуы мүмкін.
Осы мақсатта Max деп аталатын жаңа қосымша іске қосылды. Ол Telegram мен WhatsApp-тың функцияларын біріктірген: арналар, бизнес-аккаунттар қарастырылған.
Алайда сарапшылар Max мессенджерін бұрынғы «ТамТам»-ның жаңартылған нұсқасы деп бағалап отыр. Олар қосымшада қауіпсіздік мәселесі шешілмегенін, сапасы VK өнімдеріне тән деңгейде екенін айтады.
Max-ты жасаған «Коммуникациялық платформа» компаниясы VK орналасқан бизнес-орталықта жұмыс істейді. VK-ның өзі «Газпромға» тиесілі. Жоба билікке жақын тұлғалармен тығыз байланысты.