Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Алматыда тікұшақ адамдардың үстінен ұшып өткен

Алматыда түсірілген бір бейнежазба жұрттың талқысына түсті. Кадрда тікұшақтың әуеге көтерілер сәтте адамдарға тым жақын ұшып өткені анық көрінеді. Оқиға "Медеу" мұз айдыны маңында тіркелген.

Желіде тараған видеоға қатысты "Қазавиақұтқару" компаниясы түсініктеме берді. Ресми мәліметке сай, тікұшақ ұшуға рұқсат етілген арнайы алаңнан әуеге көтерілген. Ұшуды тәжірибелі, кәсіби пилот басқарған.

Ұшуға дейін бортмеханик сол маңда жүрген азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, арақашықтықты ұстауға шақырған. Алайда, алдын ала болжам бойынша, ұшу сәтінде желдің бағыты мен жылдамдығы кенет өзгеріп, әуе кемесінің бағытына әсер еткен болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша ішкі қызметтік тексеріс жүргізілуде. Сарапшылар нақты себептерді анықтап, ереже бұзушылық болған-болмағанын зерделемек.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама