
- 19 шіл. 2025 00:59
- 15
Астанада балабақшада баланы ұрған тәрбиеші бас бостандығынан айырылмады
Астанада балабақшада баланы ұрған тәрбиеші бас бостандығынан айырылмады
Астанадағы балабақшалардың бірінде орын алған дау тудырған оқиғада тәрбиеші баланы ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапқа тартылғанмен, нақты жаза тағайындалмады. Бұл туралы Инфохаб сайты хабарлайды.
Баланың ата-анасы полицияға арыз түсіріп, іс сотқа дейін жеткен. Бастапқыда мемлекеттік айыптаушы Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі ("Кәмелетке толмағанды қасақана азаптау") бойынша 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды сұраған.
Алайда іс сотқа жеткен кезде айып 110-баптан 140-бапқа ("Баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау") ауыстырылған. Соның нәтижесінде тәрбиеші тек қоғамдық жұмыстарға тарту жазасымен шектелді.
Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қоғамдық резонанс тудырды. Балабақшадағы балалардың қауіпсіздігі мен педагог кадрлардың кәсібилігіне қатысты мәселелер қайтадан күн тәртібіне шықты.
-
Қазақстанда жүргізушілерден жиналатын ақылы жол ақшасы нақты қайда жұмсалады? Жол сапасы мен жағдайына сын көп айтылып жатқан тұста бұл сұрақ көпшілікті мазалайтыны анық. Осы мәселеге нүкте қою үші...