
- 12 мау. 2025 22:43
- 36
Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты
Алматы қаласында жеке тұрғын үйден шыққан ірі өрт салдарынан бір адам көз жұмды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, өртке газ баллонының жарылуы себеп болған. Қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпып, бірнеше баспана мен шаруашылық құрылыстарды күлге айналдырған.
Оқиға орнына 15 арнайы техника мен 50-ден астам өрт сөндіруші тартылып, тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Үй ішінен бір адамның мәйіті табылды.
Апат орнына шұғыл бет алған өрт сөндіру техникасы жолда аударылып қалған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Көлік жедел түрде қалпына келтіріліп, өрт орнына қайта жіберілген.