
- 13 мау. 2025 15:11
- 42
Жамбыл облысында 13 жасар қызды зорлаған туыс ағалары өмір бойына сотталды
Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында адам шошырлық оқиға анықталды. 13 жасында босанған қыздың алты жыл бойы зорлық көргені белгілі болды. Тергеу барысында оны өз әкесінің туған ағалары — 35 және 37 жастағы екі ер адам ұзақ уақыт бойы қорлап келгені анықталған.
Қыздың жүкті екенін ешкім байқамаған, тіпті мұғалімдері де. Тек дене өзгерістері анық байқалғанда ғана шындық ашылып, қыз 13 жасында сәби дүниеге әкелді. Оқиғадан кейін қозғалған қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Айыптылардың бірі өмір бойына, екіншісі 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл жағдай балалар қауіпсіздігіне назар аудару қажеттігін тағы бір мәрте көрсетті. Құқық қорғаушылар ата-аналар мен педагогтарды баланың мінез-құлқындағы кез келген өзгеріске бейжай қарамауға шақырып отыр.