Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
АЛМАТЫДА ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН ТАҒЫ БІР НЫСАН БҰЗЫЛЫП ЖАТЫР

Алматыда заңсыз салынған тағы бір құрылыс нысаны сот шешімімен бұзылып жатыр. Алматының қала құрылысы бақылау басқармасының мәлімдеуінше, Гагарин даңғылы, 284 мекенжайындағы нысан заңсыз деп танылды.

Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген болатын. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары металл құрылымдарды орнату кезеңінде тоқтатылды. Нұсқама мерзімі аяқталған соң, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу туралы талап арыз берілді. 2024 жылғы 22 ақпанда сот бұл талапты қанағаттандырды.

Бұзылу жұмыстары Әділет департаменті мен сот орындаушыларының қатысуымен басталып, құрылыс нысанының бұзылуы жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту туралы тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 71 заңсыз нысан толықтай немесе жартылай бұзылған, оның ішінде «Мечта», KHAN тұрғын үй кешендері және тағы басқалары бар.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама