
- 08 шіл. 2025 09:28
- 26
Алматылықтарға жылуға деп артық төленген 74 миллион теңге қайтарылады
Алматы тұрғындары 2024–2025 жылғы жылыту маусымында нақты ауа райы көрсеткіштеріне сай артық төлеген 74,19 миллион теңге көлеміндегі қаржысын қайта алады. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қалалық департаменті мәлімдеді.
Қайта есептеу жылу есептегіш құралдары орнатылмаған тұтынушыларға қатысты жүргізілген. Ведомствоның түсіндіруінше, нақты ауа температурасы нормативтен жоғары болғандықтан, тұрғындар іс жүзінде қажет етпеген жылуға артық төлем жасаған.
Есептелген сома әр тұрғынның жеке шотында «жылу» қызметі бойынша аванс (сальдо) ретінде көрсетіліп, келесі 2025–2026 жылғы жылыту маусымында немесе ағымдағы жылдың соңына дейін ескерілмек.