dalanews.kz
- 13 мам. 2026 11:30
- 28
Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Атырау облысында қайын жұртын өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиевтің әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбектің айтуынша, тергеу барысында Ақбаян Мұқанғалиеваның кісі өлтіру дерегіне қатысы бар екені анықталмаған. Сондықтан оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.
Қылмыстық іс бойынша жаңалықтар
Алайда, қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша бөлек іс тіркелгенімен, оған әлі құқықтық баға берілген жоқ. Ақбаян Мұқанғалиева бұл іс бойынша күдікті деп танылмады және оған қатысты бұлтартпау шарасы да қолданылмаған.
Бұған дейін Мұқанғалиеваға Алматыда психиатриялық сараптама жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын. Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, сараптама қорытындысы әзірге шықпаған. Оның әрекетіне құқықтық баға психикалық жағдайы толық анықталғаннан кейін беріледі.