
- 11 мам. 2025 21:15
- 67
Ақмола облысында жоғалған 6 жасар баланың мәйіті табылды
Ақмола облысында бірнеше күн бұрын із-түзсіз жоғалған 6 жасар Қалмырза Жандәулеттің мәйіті табылды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті мәлімдеді.
Оқиға 30 сәуір күні кешке болған. Сағат 19:00 шамасында үйден шыққан бала сол күйі оралмаған. Іздестіру жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізіліп, оған полиция, құтқарушылар мен еріктілер жұмылдырылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, Жандәулет жоғалған күні Нұра өзенінің маңында жүргені белгілі болған. Қазіргі уақытта нақты өлім себебін анықтау мақсатында сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.