Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Басы дауға қалған блогер Daricorn буллинге ұшыраған баланың отбасынан кешірім сұрады

Басы дауға қалған блогер Daricorn буллинге ұшыраған баланың отбасынан кешірім сұрады,деп хабарлайды Infohub.kz.

Танымал блогер Daricorn өз парақшасында кәмелетке толмаған баламен ата-анасының рұқсатынсыз видео жариялап, дау туғызғаны үшін кешірім сұрады. Ол зардап шеккен баланың отбасымен кездесіп, қателігін мойындағанын мәлімдеді.

"Бүгін кездесіп, бәрін ашық талқыладық. Тағы да бәрінен кешірім сұраймын. Бұл біз үшін үлкен сабақ болды. Енді кішкентай балаларды ересектердің келісімінсіз түсіріп, желіге жариялауға болмайтынын түсіндік. Бұл тек бізге емес, бүкіл Қазақстанға сабақ болады деп ойлаймын. Барлық жауапкершілікті сезініп отырмыз", – деді Daricorn.

Еске салсақ, блогер баланың "пицца" деген сөзін "пися" деп титрмен жазып, желіде жариялаған. Бұл әрекеттен кейін мектепте құрдастары баланы мазақтап, буллинг жасаған.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама