
- 30 сәу. 2025 10:43
- 15
АҚШ: Путинмен келіссөздер тығырыққа тірелді
АҚШ Еуропадағы одақтастарына Ресей президенті Владимир Путинмен жүргізілген келіссөздердің нәтиже бермегенін хабарлады. Ақ үй мен Кремль өкілдері соңғы екі айда алты рет кездескенімен, тараптар ешқандай уағдаластыққа қол жеткізе алмаған.
Вашингтоннан келген мәліметке сәйкес, келіссөздерден оралған АҚШ шенеуніктері нақты прогресс жоқ екенін ашық айтқан. Бұл жағдай АҚШ пен Еуропада алаңдаушылықты күшейтті.
Келіссөздердің сәтсіздікке ұшырауының басты себептерінің бірі — Ресейдің Украинада қорғанысқа қабілетті армияны сақтау талабына қарсы болуы. АҚШ бұл шартты қолдағанымен, Кремль өз ұстанымынан бас тартпады.
Сонымен қатар, келіссөз барысында АҚШ Ресейге бірқатар кең көлемді ұсыныстар жасаған. Олардың қатарында санкцияларды жеңілдету, бірлескен экономикалық жобаларды дамыту және Қырымды Ресейдің бір бөлігі ретінде тану секілді мәселелер болған. Алайда Мәскеу тарапынан "Украинаны денацификациялау" сияқты шектен тыс талаптар қойылып, ортақ мәмілеге қол жеткізу мүмкін болмады.