Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Трамп: Зеленский Қырымнан бас тартуға дайын болуы ықтимал

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Владимир Зеленскийдің Қырым мәселесіндегі ұстанымына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Украина басшысы түбектен бас тартуға дайын көрінеді, деп жазады Infohub.kz Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

— Менің ойымша, ол дайын, — деді Трамп Қырым туралы сұраққа жауап бере отырып.

25 сәуірде Time журналына берген сұхбатында Трамп Қырымды Ресей құрамында қалдыру бейбіт келісімнің бір бөлігі болуы мүмкін екенін алға тартты. Бұған дейін америкалық бірнеше басылым АҚШ Қырымды Ресейдің бір бөлігі ретінде ресми мойындауға дайындалып жатқанын хабарлаған еді.

Еске сала кетейік, Қырым 2014 жылы өткізілген референдум нәтижесінде Ресей құрамына қосылған болатын. Президент Владимир Путин Қырымның мәртебесі туралы мәселені "біржолата шешілген" деп мәлімдеген еді. Мәскеудің басты шарттарының бірі — Қырымды Ресейдің аумағы ретінде халықаралық деңгейде тану.

Өз кезегінде Зеленский Қырымды Ресейге тиесілі деп мойындамайтынын бірнеше мәрте қайталаған. Десе де, ол түбекті қайтару оңай болмайтынын және Трамптың сөзі белгілі бір дәрежеде шындық екенін мойындаған. Зеленскийдің айтуынша, мәселе "адам күшінің жетіспеушілігінде емес, қару-жарақтың тапшылығында".

Трамп, сондай-ақ, Украина 11 жыл бойы Қырым үшін неге күреспегенін, ал Ресейдің бұл аймақты "бір оқ шығармай" бақылауына алғанын түсінбейтінін жеткізді. Бұл пікірталас Трамптың алғашқы президенттік мерзіміндегі АҚШ әкімшілігінің ұстанымын еске салды: сол кезде Мемлекеттік хатшы Майк Помпео Құрама Штаттардың Ресейдің Қырымды аннексиялауын мойындамайтынын және Украинаның аумақтық тұтастығы қалпына келмейінше осы саясатты ұстанатынын айтқан болатын.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама