
- 30 сәу. 2025 10:46
- 17
«Мылтықты Шерзат алып келді» — Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу видеосы жарияланды
Шерзат Полаттың ісі бойынша өтіп жатқан сот процесінде бүгін марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезінде берген жауабының видеожазбасы ұсынылды.
Кадрларда Нұрқанаттың тергеушілердің сұрақтарына жауап беріп жатқаны көрінеді. Ол төсекте жатқан күйі сұхбат берген, бұл оның ем қабылдап жатқанын және оқиғадан көп уақыт өтпегенін аңғартады.
Тергеу барысында Нұрқанат Шерзаттың атыс қаруын оқиға орнына өзі алып келгенін мәлімдеген. Бұл мәлімет соттағы іс материалы үшін маңызды дәлелдердің бірі саналып отыр.
Іс бойынша сот процесі жалғасуда.
-
Ұшаққа билет алғаныңызбен, бортқа кіре алмай қалу — бұдан былай мұндай әділетсіздікке жол жоқ. Қазақстанда овербукингке қатысты жаңа ереже күшіне енді. Енді тек халықаралық емес, ел ішіндегі рейсте...