Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Асық технологиясын пайдалана отырып балаларды қазақтың әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүріне баулу
Асық-технологиясың
Мақсаты:
Асық ойыны көздiң көру қабiлетiн және қолдың ептiлiгiн арттырады. Асықтың атып ойнайтын түрі үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Ойын барысында үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені бүгу, созыла түсіп, көздеп ату және тағы басқа дене қимылдары жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Сондай-ақ асық ойынындағы алыстан көздеп ату тәсілі баланы жастайынан мергендікке үйретеді. Асық ойыны арқылы кішкентайынан мергендікке баулынған қазақ жауынгерлері садақ тартудан да, найза лақтырудан да алдарына жан салмаған. «Осындай ерекшеліктері бар асық ойыны ұлттық ойындар құрамына енуге әбден лайық. Шындап қолға алса, бұл ойынды қазақтың кез келген баласы тез меңгеріп кетеді. Денсаулыққа зиянын тигізетін компьютерден гөрі, таза ауада ойналатын қимыл-қозғалысқа толы асық ойыны балалар үшін әлдеқайда пайдалы. Асық ойнап үйренген бала қазіргі балалардай компьютер алдында күн ұзақ көз майын тауысып отырып алмайды. Асық шахмат пен тоғызқұмалақ секілді арнайы алаңды қажет етпейді. Бұл ойын - нағыз бұқаралық спорт түрі» - дейді Тұрарбек Жарасбайұлы.

Презантациясын жүктеп алу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама