Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Туған елім - Қазақстан
Қарағанды қаласы
«Қарлығаш» бөбекжайцы
Педагог - тәрбиеші: Адилова Нуржанат Сагатбековна
№8 «Көгершін» ересек тобының Тәуелсіздік күніне арналып ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Туған елім - Қазақстан»
Мақсаты: Балалардың өз еліне деген, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту.
Білімділік: Өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші болып қалануға баулу.
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, тілдерінің дамуына ықпал жасау.
Тәрбиелік: Осы болашағымызды жалғастырушы ұрпақтың бойына, Отанға деген сүйіспеншілігін, туған жері мен елін сүюге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, слайд.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.
Қостілдік компоненттер: Ту - флаг, елтаңба - герб, әнұран - гимн, Елбасы - Президент.
Іс - әрекеттің кезеңдеріТәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Сәлем бердік, туған елім,
Тал бесігім, туған жерім.
Сәлем бердік, бәріңізге,
Өскен ортам, еркін елім.
Ұйымдастыру –
іздестіру/
Жыл мезгілдерін сұрау. Қазір қай мезгіл?
Осы қыс мезгілімен қандай мерекелер сәйкес келеді?
Дұрыс айтасыңдар, тұңғыш президент күні және тәуелсіздік күні.
1991 жылы 16 желтоқсан тарихтағы ұлы күн.
Бұл күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.
Алматы қаласында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің кіндігі болған алаң еді. Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен белгілі мүсінші, Елтаңбамыздың авторы Шотаман Ыдырысұлы Уалихан аталарыңның жобасымен жасалған Тәуелсіздік монументі орнатылды.
Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып,
Сойыл таяқ ойнаса да жолында.
Желтоқсан - ау, ұмтылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке.
Егемендік тиді міне еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
Балалардың орындауында: «ӘН ҰРАН»
Педагог: Балалар біздің мемілекетіміз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Педагог: Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Педагог: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Тәуелсіз мемлекет.
Педагог: Қазақстанның астанасы қай қала?
Балалар: Астана.
Педагог: Ал рәміздеріміз қалай аталады?
Балалар: ТУ; ЕЛТАҢБА; ӘНҰРАН.
Педагог: Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Әнұран,
Тәуелсіздікке тән ұран.
Қасиетті осы рәміздер,
Еліме деген рух пен мәні бар,
Иесі оның мына біздермен сендер балалар!
Олай болса балалар Ту, елтаңба, әнұран туралы тақпақтарымызды айтайықшы.
1. бала Ән ұраным, жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраным. (Аяулым. Ө)
2. бала: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында киіз үй.
Қалықтаған қос қыран,
Шарықтаған туа күй.
Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі. (Мәди)
3. бала: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Көкке іліп қояды. (Шахнұр)
СЕРГІТУ СӘТІ:
Секіреміз топ - топ,
Шапалақтап көп - көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр, екi, үш,
Иiлемiз солға қарай бiр, екi, үш.
Педагог: Тұғырым Қазақстан елді мекенім,
Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын жерді бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ атын,
Туымды асқақта желбіретем.
Ән: «Көк тудың желбірегені» (жалаушаны қолдарына алады.)
Педагог: Слайд «Жаса Қазақстан!»
Отан туралы мақал - мәтелдер білеміз бе? 
Мирас
Отан – оттан да ыстық
Гүлһасира
Отан - елдің анасы
Мәриям
Отансыз адам,
 Ормансыз бұлбұл.
Балалар қазір біз сендердің көмектеріңмен жер шарын орналастырамыз,
1. бала: Аспанымыз ашық болсын! (Тимирлан)
2. бала: Күніміз әр кез жарқырай берсін! (Аяулым. О)
3. бала: Тәуелсіз еліміздің арайлап атқан әр таңы шаттыққа толы болсын!(Дарын)
4. бала: Қазақ елі аман болып, Елбасы жасай берсін! (Еркеназ. Қ)
Тәулсіз Қазақстан Мемілекетін орналастырамыз,(Қазақстан картасы)
Ал енді бәріміз тәуелсіз мемәілекетке жылы лебізімізді білдірдірейік.(хормен, Тәуелсіздігіміз жасай берсін)
Олай болса балалар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні құтты болсын! Елбасымыз аман болып, Қазақстан Мемілекеті одан әрі көркейіп, бай ел болсын деген тілегімізді білдірейік.
Рефлексивті –
түзетушілік
Қорытындылау:
Балалар біз бүгінгі тақырыптық оқу қызметімізді қортындылай келе,
Қандай тақырыпта оқу қызметін өткіздік?
Тұңғыш президентіміз кім екен?
Біздің мемлекетіміз, қандай мемлекет?
Астанасы қалай аталады?
Балаларды мақтау, мадақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама