Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Астанада 5 жасар балаға шабуыл жасаған жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты

Астана қалалық соты лифтте 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімге қатысты үкім шығарды. Сот сараптамасына сәйкес, күдікті созылмалы психикалық дертке шалдыққан және қылмыс кезінде өз әрекетінің мәнін әрі қоғамға қаупін түсінбеген.

Соттың мәлімдеуінше, мұндай жағдайда заң бойынша адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Осыған байланысты сот К. есімді жасөспірімге қатысты Талғар ауданы Ақтас ауылындағы мамандандырылған, қарқынды бақыланатын мекемеде мәжбүрлеп стационарлық ем қабылдау жөнінде шешім қабылдады.

 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама