
- 12 мам. 2025 20:33
- 234
Қазақстандық Хамзаальпер Ромашкин таеквондодан әлем чемпионы атанды
2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы таеквондодан (WT) әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Хамзаальпер Ромашкин алтын медаль иеленді. Бұл туралы «Адырна» порталы хабарлайды.
Байрақты бәсеке Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтті. Хамзаальпер Ромашкин финалдық жекпе-жекте қарсыласынан басым түсіп, ел намысын абыроймен қорғады.