
- 21 мам. 2025 10:04
- 24
Қазақстанда орташа зейнетақы 143 400 теңгені құрады
Қазақстанда орташа зейнетақы 143 400 теңгені құрады,-деп жазады Инфохаб.
2025 жылғы 1 мамырдағы мәліметке сәйкес, елімізде жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 400 теңге болды. Оның ішінде:
- ынтымақты зейнетақы – 95 784 теңге;
- базалық зейнетақы – 47 616 теңге.
Жыл басынан бері қазақстандық зейнеткерлерге 1 трлн 394 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленген. Елімізде зейнеткерлердің жалпы саны – 2 млн 471 мың адам.