
- 18 шіл. 2025 11:49
- 23
Астанада "Шанхай" базары өртенді – әкімшілік өрт туралы хабарламаған
Астанада "Шанхай" базары өртенді – әкімшілік өрт туралы хабарламаған
Тілсіз жау таңғы уақытта бақылаудан шығып кеткен
Астанадағы ірі сауда орындарының бірі – "Шанхай" базарында өрт шықты. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше, қызыл жалын базар аумағына кеңінен таралып үлгерген.
Өрттің қарқыны қатты болғаны соншалық, қабатаралық жабынның кей бөлігі құлаған. Салдарынан жалынды ауыздықтау жұмыстары едәуір қиынға соқты. Құтқарушылардың күшімен өрт сағат 07:10-да толық сөндірілді.
Айта кетерлігі, базар әкімшілігі өрт туралы ешқандай хабар бермеген, ал төтеншеліктер өртті өздері анықтаған. Қазір өрттің шығу себебі мен келтірілген залал көлемі анықталуда.