Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Әуезов шығармашылығы. Абай жолы роман – эпопеясы, Еңлік - Кебек және Қарагөз пьесалары
Пресс - конференция сабағының жоспары
1. Армысыздар, қонақтар, ұстаздар мен студенттер! Пресс - конференция сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі көтерілгелі, талқылағалы отырған тақырыбымыз: «Әуезов шығармашылығы». Оның ішінде «Абай жолы» роман – эпопеясы, «Еңлік - Кебек» және «Қарагөз» пьесаларына тереңірек тоқталамыз.

2. (Видео 2: 24 мин Әуезов туралы)
3. «Мұхтар Әуезов - қазақ жерінің ұлы жазушысы, академик - ғалымы, ол әдебиеттің түрлі жанрларын керемет дамыта білген кемеңгер тұлға. Пәкістандықтар Әуезовті ойшыл, ғалым, интеллектуал ретінде құрмет тұтады. Ол өз халқының мүдделерін таза да шынайы көрсете білген жан» - деп Пәкістандық қайраткер Фахар Заман айтқандай Әуезовті таныған, Әуезов «Абай жолы» арқылы қазақты таныған ғалымдар пікіріне құлақ түрейік:

1. Менің басқа елдерге апаратын, өзге халықтардың табалдырығынан аттайтын екі қасиетті тұмарым бар. Олар – «Манас» пен Мұхтар Әуезов. Менен қазақ пен қырғыз, сендер кімсіңдер деп сұрағанда, мен «Манас» пен Мұхтар Әуезов туралы айтамын. Екеуі де біздің халықтарымыздың рәмізі, мақтанышы.
Шыңғыс Айтматов, Қырғызстан

2. Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, бірінші қазақ драматургы, тамаша аудармашы, көрнекті ғалым. Ол қазақ әдебиетінің, өнерінің, ғылымының дамуына үлкен үлес қосты және қазақ халқын бүкіл әлемге паш етті. Қазақ мәдениеті, қазақтың ұлы ақыны Абай, жазушысы Мұхтар Әуезов және оның «Абай жолы» романы - біртектес егіз ұғымдар, олар бірін - бірі жалғастырады.
Али Аббас Чинар, Түркия

3.... Егер Гете мен Гейне, Зегерс пен Бредель алыс Қазақстаннан екінші әдеби отанын тапса, ал М. Әуезов «Таң алдында» романы арқылы біздің жерімізге өзі үшін берік киіз үй тікті.
Эрих Мюллер, Германия

4. Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, Шәкәрім - оның бауыры және ізбасары, ал Мұхтар - абайтанудың негізін қалаушы. Осы үш алып қазақ халқының мақтанышы мен абыройы.
Су Чжоу Сюнь, Қытай

5. Эпикалық «Абай» романы, менің пікірім бойынша, - жиырмасыншы ғасырдағы тамаша романдардың бірі. Қат - қабат бейнелер мен ойларға толы осы шығарма оқырманды бізден алыс замандарға жетелейді
Луи Арагон, Франция

3. Әуезов туралы студенттеріміздің арасынан баяндама дайындағаны бар екен. 12 ЕА тобының студенті ____________________. (слайд 1 Әуезов туралы)
Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты адамдар болған. Қабілетті жас Мұхтар сөз өнері дәстүріне бай ортада өскен. Алты жасында атасының үйретуімен Абайдың өлеңдерін жаттап, оны ұлы Абайдың өзіне айтып берген. Ол жақта ұзатылған қызға жасау ретінде Абай өлеңдерін көшіріп беретін дәстүр болған. Мұхтар атасы Әуездің қолында өсті. Әуез – Шығыс әдебиетінен хабардар көзі ашық адам. Атасы Әуез бен әжесі Дінасыл Мұхтарды «Қоңыр» деп атаған. Кейін Мұхтар мұны бүркеншік ат етті. Ол Ленинградта оқып білім алған тұңғыш қазақ студенттерінің бірі еді. Әуезов шығармалары қамтыған географиялық аймақ өте көлемді. Онда қазақтың қаласы, даласы, солтүстігі,, оңтүстігі, батысы, шығысы – түгел. М. Әуезов Америка, Индия, Жапонияда болды. М. Әуезов қазақтың киіз үйінен шығып, ХХ ғасыр цивилизация биігіне көтерілді. Ол қазақтың психологиясын, әдет - ғұрпын, салт - санасын, күллі өмірін Ресейге, Англияға, Францияға, әлемнің төрт бұрышына таныстырды.
Әуезов шығармашылығы
Әуезов қара сөз шебері: Жиырма жасында «Еңлік - Кебек» трагедиясын жазғаннан кейін он шақты жыл ішінде көптеген әңгіме, повесть, пьесаларымен көзге түсті. Атап айтақанда: «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Көксерек», «Қыр» әңгімелері, «Жетім», «Қараш - қараш оқиғалары», «Қаралы сұлу», «Қилы заман» секілді прозалық шығармалары.
Әуезов аудармашы: Л. Н. Толстой, Ю. Вагнер, Д. Лондонды аударған.
Әуезов кино әлемінде: «Қараш - Қараш оқимғасы» және «Көксерек»
Әуезов Абайтанушы: «Абай туралы айшықты ойлар», «Абай туралы жаңа кітап», «Абай өлеңдерінің текстологиясы»
Әуезов публицист: «Адамдық негізі - әйел» мақаласы, «Қазақтың өзгеше мінездері».
Әуезов драматург: «Абай» Л. Соболевпен бірігіп жазған, «Еңлік - Кебек», «Қарагөз», «Бәйбіше - тоқал»т. б
Ұзақ жылдарға созылған шығармашылық ізденістердің нәтижесінде күллі әлемге ұлы Абайды танытып қана қойған жоқ, қазақ халқы «Абай жолы» арқылы өзін де тереңірек түсініп таныды. «Абай жолынсыз» қазақ әдебиетін, халқымыздың рухани - көркемдік әлемін көзге елестету мүмкін емес» де халық жазушысы Әбіш Кекілбаев бағалағандай, тек қазақ халқының ғана емес, көшпелі түркі жұртының өткені туралы ең алғашқы кең ауқымдағы шығарма.

4. «Абай жолы» романы туралы сөз қозғалды. Ал сол роман туралы, романдағы әлеуметтік мәселелер жайлы студентіміз баяндама оқиды. 12 ЕА тобының студенті Муратова Гүлайым.
Армысыздар! Қазақты әлемге танытқан Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман - эпопеясы – қазақтың тұңғыш эпопеясы. 1 - кітабы 1942, 2 - сі 1947, 3 - сі 1952, 4 - томы 1956 ж. жарыққа шықты. Әуезов өзінің төрт том «Абай жолы» арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді – өз отандастарына, керек десеңіз тіпті – қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Сондықтан да, «Абай жолын» оқыған Бенжамен Матип «қазақ неткен ғажайып халық» деп өзін - өзі ұмыта таңырқаса, Константин Федин «өзінің қалай қазақ боп кеткенін білмей қалған». Сондықтан да бүгінде Л. Н. Толстойды оқымай орысты, О. Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын. Ал енді «Абай жолындағы» Қамқа мен Қодар оқиғасы туралы мына бір жайды айтқым келіп тұр: Жалғыз баласы қайтыс болған Қодар ата мен келіні Қамқа бір үйде тұрып жатады, бірі баласын, бірі жарын аза тұтып жатқанды, оларға әртүрлі жала жабылады. Билер кеңесінің шешімі бойынша екеуін алдымен түйеге байлап, тас атып, сосын дарға асуға шешім қабылдайды. Жас Абай сол оқиғадан кейін қатты ауырады. Алайда тарихи жағынан қарасақ, Қамқа мен Қодар оқиғасы Абай тумай жатып болған. Яғни, Әуезовтың мұны кітапқа енгізуі, Құнанбайдың мұндай шешім қабылдауы халықты бейбастықтан алшақтату. Сол кездегі билер заңы. Қодар мен Қамқа екеуін халыққа мысал ете отырып, халықты жаман жолдан тайдыру, ал, жаман арсыз жолға түсер екен - жазасы бір ғана азапты өлім.

4. Бүгінгі жиынға белгілі Алаштанушы, Абайтанушы, ғалым ағамыз Тұрсын Жұртбай қонақ болып отыр. Қонағымызға сөз берелік. Абайды тереңнен зерттеп, жастайынан Абай өлеңдерімен сусындаған ағамыз Абай және «Абай жолы» жайында айтып берсе.(слайд 2 Абай пьесасы, Т. Жұртбай, Әуезов, Абай суреттері)
Тұрсын Жұртбай: Армысыңдар, балалар! Жастар үшін жап - жақсы жиын болып жатыр. Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» дегеніндей бірлесіп мынадай жұмыс жасап, Абайды жұртшылыққа танытып жатыр екенсіңдер, өркендерің өсе берсін, айналайындар! Мен ылғи жүрген жерімде Абайдың мына бір сөзін айтып жүрем, дұрыстап тыңдап, саналарыңа тоқып алыңдар. Өмірінің соңғы кезеңдерінде айтқан сөзі:
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре - көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса.
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың?
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек.
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама