Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
«Автокөліктің кілтін берді» Мақатаевтың ұлы атышулы блогер Алишер Теменовты «Мұқағали сорлы еркек» деген сөзін кешірді

Алматыда атышулы даулы іске нүкте қойылды: Наурызбай аудандық соты поэзия алыбы Мұқағали Мақатаевты қорлағаны үшін жауапқа тартылған блогер Алишер Теменовке қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Бұл шешім — поэттің ұлы Жұлдыз Мақатаевтың күтпеген кешірімінің нәтижесі.

Бұған дейін Жұлдыз Мақатаев блогерден моральдық өтемақы ретінде 10 миллион теңге талап еткен еді. Алайда, бүгін сот отырысында ол талабынан бас тартып, істі тоқтатуды сұрады.

Судья шешім шығаруға кетіп бара жатқанда, блогер Жұлдыз Мақатаевқа 2 миллион теңгені қолма-қол ұстатып, өзінің автокөлігінің кілтін де табыстады. Тағы 1 миллион теңгені 10 күн ішінде жеткізетінін айтып, кейін автокөлікті қайтарып алуға үміт артты.

Теменов өз әрекеті үшін тек Жұлдыз Мақатаевтан емес, бүкіл қазақ халқынан кешірім сұрап, арнайы бейнежазба жариялауға уәде берді.

Бұл оқиға қоғамда кең резонанс тудырып, өнер иелеріне құрмет пен сөз бостандығы арасындағы шекараны тағы бір рет ой елегінен өткізуді талап етті.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама