Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
БҚО-да бір отбасы 20 миллион теңгесін алаяқтарға аударып жіберген

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы – Алаяқтар бір отбасының сеніміне кіріп, оларды бір ай бойы алдап, нәтижесінде 20 миллион теңге көлеміндегі қаражатынан айырған. Бұл жайлы Qazaqstan телеарнасы хабарлады.

Оқиға Теректі ауданының тұрғынын белгісіз біреулердің «Қазпошта» қызметкеріміз деп хабарласуынан басталған. Олар "сізге сәлем-сауқат келді" деп сендіргенімен, азамат ешқандай сәлемдеме күтпегенін түсініп, полиция бөлімшесіне бармақ болады.

Алайда дәл сол сәтте тағы бір қоңырау келіп, өзін Ішкі істер министрлігінің қызметкері ретінде таныстырған адам “сіздің атыңызға онлайн несие рәсімделіп жатыр” деген желеумен азаматты қорқытады. Бұдан бөлек, жалған Ұлттық банк өкілі де байланысқа шығып, “құпия тергеу амалдары жүріп жатыр, ешкімге тіс жармаңыз” деп ескертеді.

Осылайша, алаяқтар бір ай бойы түрлі сценариймен бір отбасы мүшелерін алдап, көптеген қаржылық операцияларды орындата алған. Соңында отбасы мүшелері жалпы сомасы 20 миллион теңгеге жуық қаражатты алаяқтардың шотына өз қолдарымен аударған.

Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 190 адам алаяқтардың арбауына түсіп, 300 миллион теңгеге жуық шығынға ұшыраған.

Құзырлы органдар тұрғындарды бейтаныс нөмірлерден келген қоңырауларға сақ болуға, жеке деректер мен банк шоттарына қатысты ақпаратты ешкімге бермеуге шақырады. Сонымен қатар, өзін құқық қорғау немесе қаржы ұйымдарының өкілі ретінде таныстыратын азаматтардан ресми куәлік талап ету қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама