Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
«Бала Жамбыл» АҚШ-та білім алып жүр – желі қолданушылары қайта іздей бастаған жас дарынның қазіргі жағдайы белгілі болды

«Бала Жамбыл» АҚШ-та білім алып жүр – желі қолданушылары қайта ізде

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде бұрынғы бейнероликтері қайта тарап, бір кездері «Бала Жамбыл» деген атпен танымал болған жас ақын Жамбыл Дүйсеновке деген қызығушылық қайта оянды. Ерекше зеректігімен, тапқыр өлеңдерімен елді тәнті еткен Жамбыл Дүйсенұлы кезінде түрлі ақындар сайысында топ жарып, мектепті қатарластарынан үш жыл бұрын тәмамдаған болатын.

Оның талантына кезінде ел ардақтысы Мұхтар Шахановтың өзі бата берген, бұл – жас ақынның дарынына берілген үлкен баға еді.

Желі қолданушылары TikTok-та тараған бейнероликтер арқылы Жамбылдың қазіргі өміріне қызығушылық танытып, «қазір қайда жүр?» деген сауал жиі қойып жүр. Белгілі болғандай, Жамбыл бүгінде есейіп, АҚШ-та білім алып жатыр. Интернетте оның Нью-Йорктен ата-анасына жолдаған видеосы кең тарап кетті.

«Қазір біз Нью-Йорк қаласының қақ ортасындамыз. Таймс-скверде адамдар өте көп, бәрі осы жерде шоғырланған. Өте әдемі, әсерлі жер», – дейді Жамбыл бейнежазбада.

Осылайша, ел есінде ерекше дарынымен қалған «Бала Жамбыл» бүгінде әлемдік деңгейдегі білім мен тәжірибе жолында жүр.

 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама