Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Тараздағы түзету мекемесіндегі колледжден 25,5 млн теңге жымқырылған – тергеу жүріп жатыр

 

Жамбыл облысындағы «Түзету мекемесі жанындағы №15 колледж» басшылығы оқуға қатыспаған сотталғандар үшін заңсыз қаржыландыру алып, мемлекет қаржысын жымқырған. Бұл туралы өңірлік прокуратура мәлім етті.

Прокуратураның дерегінше, колледжге техникалық және кәсіптік білім мамандарын даярлауға бөлінген 25,5 миллион теңге негізсіз иемденілген. Жалған мәліметтер арқылы үш жыл бойы іс жүзінде сабаққа қатыспаған сотталғандар оқу жоспарына енгізіліп отырған.

2025 жылғы 5 ақпанда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеуді Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер әзірге жария етілмейді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама