
- 16 мау. 2025 23:57
- 46
«Балғамен басымнан ұрды» Шымкентте автобус жүргізушісі жолақы сұрағаны үшін соққыға жығылды
Шымкент қаласында №52 бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушының соққысына жығылып, ауыр жарақат алды. Жолақысын сұрағаны үшін шабуылға ұшыраған 34 жастағы жүргізуші қазір жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған. Дәрігерлер оның жағдайын «орташа ауыр» деп бағалап отыр.
Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті ретінде 17 жастағы жасөспірімді ұстады. Ол сот шешімімен екі айға қамауға алынды.
Қоғамдық көліктегі тәртіпсіздік әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің наразылығын туғызуда. Тұрғындар бұл жағдай қоғамдық көлікте қауіпсіздік мәселесін қайта қарауға мәжбүрлеуі керек дейді.