- 18 ақп. 2019 00:00
- 201
Бақытты тұсымның бақытсыз сәті!
-Мен біраз өзгеріппін. Алматы да отбасыммен бірге тұрып жатырмын. Жақын арада қыз ұзату болады екен деймін , бәрі соған қызу дайындалуда. Болашақ жұбайым қуанып, мәз болып тойдың шаруасымен шапқылап ол жүр. Күннің ыстығы сонша , сыртқа шығудың өзі мүмкін емес. Атыс-шабыспен жүріп оған xабарласпадым деп телефонымды іздеп таппай үйдің ішін кезіп жүріп диван қуысынан таныс дыбысты құлағыма оттай басылды.Барсам менің кірпіштей телефоныма жұбайымнан xат келіп тұр:"жаным, кешкісін үй жаққа барып қайтамын дайын отыршы. Сағынып кеттім." деп жазыпты.
...Кеш батты. Мен үстіме ақ түсті жейдем мен ақ шалбар киіп алыппын. Есіктен жұбайым кіріп папа - мамамен амандасып, шайға отырды. Мен , оны сырттай бақылап күлкісіне тағы , тағы, тағы ғашық боп есіктің жақтауында тұрып алдым. Мені байқағаны сол еді:"мен рұқсат болса тұрайын " деп орнынан атып тұрды. Шығарда папам да , мамам да оған ұзақ қарады. "балам келші" деп, әкем оны ыстық құшағына алса, анам күлімсіреп "аман-есен оралыңдар" деген сөзін ақырын айтты. Екеуміз балмұздақ аламыз деген оймен жол жиігіне тоқтадық. Ол балмұздақ алуға кетті, мен Тойбастар дүкенін көріп соған беттедім. Ішінде көп бөгелмедім, он минутта кері шыққан бетім сол еді, Болашақ жұбайымның жаралы бейнесін көріп бірден жүгірдім. Үстімдегі ақ киім қызыл түске боялды. Айналама бірден бөтен жандар қаптап кетті...Осы аралықта не болғаны есімде жоқ.
...Кенет трасса бойымен жүгіріп келе жатырмын. Көз жанарым жасқа толы, "қарындас, қайда барасыз? Отырыңыз , жеткізіп салайын " деген көлік жүргізушілері көп болды. Бір мезетте үйдің көлігі қасыма келіп тоқтап: "қызым отыршы, өз-өзіңді ұста" деп отырғызып алды. Мен анамның тізесіне басымды қойып, одан айырылып қалғаныма сене алмай, өксіп жылап жатырмын. Мам, мен оны жақсы көремін, неге бұлай болды? Не үшін мен анау дүкенге кірдім айтыңызшы дегеннен басқа түк айтпай сандырақтап жатып, ауруxанаға келіп жеттік. Мен енді тұрмыс құрмаймын, оны айырбастамаймын ешбір жанға деп , артыма бұрылып қараған шақта жаңбыр төгіліп , ауруxана шамдары толассыз жауыннан көрінбей кетті. Менің бақытсыздық күнім деп сыбырлаған шақта оянып кеттім.