
Фото: Видеодан кадр
- 22 там. 2025 11:58
- 14
«Бестеректегі қайғылы жағдай»: Апаттан кейін жүргізуші адамдарды танымай қалған
Абай облысының Бестерек ауылында балаларды көлігімен қағып кеткен 55 жастағы жүргізуші апаттан кейін есін жоғалтып, адамдарды тани алмай қалған, деп хабарлайды Infohub.kz.
20 жылдан астам уақыт автобус жүргізушісі болып істеген ер адам қайғылы жағдай болған күні ұстамасы ұстап қалып, көлікті басқара алмай қалған.
«Әкемнің жағдайы ауыр. Қазір қамауда отыр. Ұстамасы кезінде ешкімді тани алмай қалды. Рөлді ұстай алмай, бәрі әп-сәтте орын алды. Қасымызда анам да болған. Бұл өте ауыр апат. Қаза болғандардың отбасына көңіл айтамыз. Баршасынан кешірім сұраймыз», – деді жүргізушінің ұлы Ерқанат Серікұлы.
Үржар ауданында жол апатынан қаза тапқан үш бала жер қойнына табысталды. Бір отбасының екі қызы Жарма ауданының Жаңғызтөбе ауылында жерленсе, екі жастағы бүлдіршін Елтай ауылында жерленді.