Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 32 минут бұрын)
Елордада "танымал кәсіпкер" төрт адамды 270 млн теңге қарызға отырғызып кетті

Астанада ер адам өзін табысты кәсіпкер ретінде көрсетіп, төрт адамды іскерлік ынтымақтастық мақсатында автонесие алуға көндірген. Несиелерді төлемей ізін суытқан күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Infohub.kz.

Прокуратура мәліметінше, ер адам несиеге алынған көліктерді Ресейге сатып, пайда тапқан. Ол жәбірленушілерге несиені өзі төлейтінін айтып, көліктерді бизнесте пайдалануға уәде берген. Бірақ көп ұзамай көліктерді Ресей Федерациясына тасымалдап, сатып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Ал астаналық 4 тұрғын банк алдында қарыздар болып қалды. Келтірілген шығын көлемі 270 млн теңгеден асты.
Сот елорда тұрғынын кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама