
- 10 шіл. 2025 13:13
- 43
Биткоин жаңа шекті межеге жетті: бағасы 112 мың долларға таяды
Биткоин тағы да қарқынды өсіп, бұрын-соңды болмаған баға деңгейіне көтерілді. Соңғы тәулікте криптовалюта шамамен 3% қымбаттап, 112 мың долларға жақындады.
Binance сауда алаңындағы мәліметке сүйенсек, биткоин бағасы бір күн ішінде 2,7% өсіп, 111 698 долларды құрады. Сауда сәтінде оның ең жоғары құны 111 999,79 доллар болды – бұл жаңа тарихи шек.
CoinMarketCap платформасы да криптовалюта нарығындағы бұл серпінді растады: олардың дерегі бойынша, биткоин құны орта есеппен 111 732,61 доллар шамасында тұрақтады.
Айта кетейік, мамыр айында биткоин 105 мың доллар деңгейінде саудаланған болатын. Содан бері ол бірнеше мәрте шарықтап, рекордтық көрсеткіштерді жаңартып келеді.