
- 30 мау. 2025 18:50
- 28
Көк базарда қазақша үйреткен оқушы екі бірдей грант иегері атанды
Көк базарда қазақша үйреткен оқушы екі бірдей грант иегері атанды
— деп хабарлайды Infohub.kz тілшісі.
Туристке қазақ тілін үйреткен оқушы Нұржол Сатыбалды ел назарын аударып, екі университеттен бірден оқу грантын жеңіп алды. Ол 4 жылдық білім гранттарын Швейцарияның білім беру мекемесі мен Қазақ Америка университетінен иеленді.
Жасөспірімге бұл қуанышты жаңалық “Қызық Times” бағдарламасы арқылы жария етілді. Алайда грантты пайдалану үшін Нұржол алдымен мектепті үздік аяқтауы қажет.
Еске салайық, ол бұған дейін филиппиндік блогер Серджионың әлеуметтік желідегі видеосынан кейін танымал болды. Блогер Алматыдағы “Көк базарда” кәдесыйлар дүкеніне кіріп, сауда жасап жүрген баламен ағылшын тілінде тілдескен. Турист “Спасибо” дегенінде, бала бірден: “No, спасибо. Ол орысша айтылған. Қазақша ‘рақмет’ деп айтасыз” деп жауап берген.
Нұржолдың тілдік ұстанымы мен батылдығы көпшіліктің ықыласына ие болды. Әлеуметтік желі қолданушылары оны нағыз патриот деп бағалауда.