Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Дарында балалардың шығармашылық қабілетін дамыту
Дарында балалардың шығармашылық қабілетін дамыту

Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіл адамзаттық құндылықтар, ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан, өзіне - өзі сенімді, ғылыми - теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.
Жаңа ғасырда жаңа заманға лайық тұлға ретінде қалыптасқан, өз көзқарасын жүйелі талдай білетін өз өміріне қоршаған ортаға сын көзбен қарайтын жеткіншек жастарды даярлау – біздің ұстаздық парызымыз.
Қазіргі кезеңдегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің міндеті жас буынды сөз өнеріне баули отырып оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл дарынды тұлға қалыптастыру. Шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен, танымдық қызығушылығымен, әдемілікті сезіне білумен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді.
Дарынды балалар мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын шығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет салады, өлең жазады.

Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие.
«Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер сияқты» болып қалып қоюы мүмкін» дейді американдық ғалымдар.

Рухани бай, жан - жақты дамыған дарынды жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі тіл байлығы дер едік, өз ойын нақты терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сілтегенде жүрекке жылы тиетін, «айналасы теп - тегіс жұмыр келетін» сөз құдіретін игерген адамдарда тұлғалық қасиет болады.

Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені белгілі. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс - тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс - тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады. Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс - тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.
Өзім сабақ барысында әлемнің 18 елінен сынақтан өткізілген «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының әдіс - тәсілдерін қолданамын.

Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығуды ояту, мағынаны тану, ой - толғаныс кезеңдерінен тұрады. Қызығуды ояту кезеңі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастыру. Яғни сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не білетінін айқындаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер етеді. Осы кезеңде мен «Топтау» (ассоциация) әдісін қолданамын. Топтау әдісі арқылы оқушы ойын қозғап, қызығуын арттырамын. Бұнда әр оқушы өзінің таным белсенділігін көрсете алды.
Бағдарламаның екінші кезеңінде (мағынаны тану) оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша тапсырмалар орындайды. Оқушының өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама