Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Дубайда 67 қабатты тұрғын үй кешені өртенді

БАӘ-дегі ең қымбат аудандардың бірі — Дубай Маринада орналасқан 67 қабатты Tiger Tower тұрғын үй кешенінде ірі өрт шықты. Қызыл жалын ғимаратты толықтай шарпып, алты сағат бойы өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресті.

Тұрғын үй кешенінде 764 пәтер бар, жалпы саны 3 820 адам тұрған. Абырой болғанда, барлығы дер кезінде эвакуацияланып, адам шығыны мен жарақат алғандар тіркелмеді.

Куәгерлердің айтуынша, ғимарат “сіріңкедей тұтанып”, от әп-сәтте бірнеше қабатты бірден шарпыған. Өрттің нақты себебі әзірге белгісіз. Мамандар өрттің неден шыққанын анықтауға кірісті.

Қауіпсіздік саласының сарапшылары мұндай жағдай көпқабатты ғимараттарда өртке қарсы жүйелердің қаншалықты маңызды екенін еске салатынын айтып отыр.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама