
- 30 мам. 2025 14:38
- 45
Қазақстан мен Италия стратегиялық серіктестікті тереңдетеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонидің ресми келіссөздері нәтижесінде екі ел арасында стратегиялық серіктестікті кеңейту жөніндегі Бірлескен мәлімдеме қабылданды. Бұл кездесу аясында тараптар бірқатар маңызды құжаттарға қол қойып, өзара ынтымақтастықтың жаңа деңгейін айқындады.
Қабылданған құжаттардың ішінде мыналар бар:
- Реадмиссия туралы келісім – екі ел үкіметтері арасында тұлғаларды қайтару мәселесін реттейтін құжат;
- Өнеркәсіп және шикізат саласындағы ынтымақтастық – Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Италияның тиісті ведомстволары арасында жасалды;
- «Самұрық-Қазына» мен Maire Tecnimont арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- «Самұрық-Қазына» мен Ansaldo компаниясы арасындағы келісім;
- Су ресурстары саласындағы әріптестік – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен OICE ұйымы арасында білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған меморандум қабылданды;
- Қазақстан Даму банкі мен италиялық қаржы ұйымдары арасында бірлескен декларация;
- «Самұрық-Энерго» мен SACE SpA арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Kazakh Invest пен Italian Trade Agency арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.
Бұл құжаттар екі ел арасындағы экономикалық, өндірістік, экологиялық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған. Ресми сапар қорытындысы Қазақстан мен Италия арасындағы өзара сенімді серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашты.