Двигательдің жұмыс принциптері
Сабақтың тақырыбы. Двигательдің жұмыс принциптері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Сабақта оқушыларды двигательдің жұмыс принциптерімен таныстырып, олардың теориялық білімдерін арттыру
Дамытушылық: Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, ойлау есте сақтау қабілетін дамыту
Тәрбиелік. Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, техникамен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнектілігі; мультимедиалық тақат, компьютер, слайдтар, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
ІІ. Өткен тақырыпты сұрау. Өткен тақырыпты сұрау үшін оқушыларға үлсетірмелі қағаз таратамыз. Ондағы сұраққа жауап берулері керек.
Үлестірмелі қағаз.
Двигатель ішіндегі жұмыс процесінің орналасуына байланысты:
Жанатын қоспаның құрамын реттеу жолдарына қарай:
Двигательдің құрлысы бойынша
Двигатель деп.........
Жылу алу үшін қолданылатын отын түріне қарай
Отын жанатын қазандығының орналасуына байланысты
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Іштен жанатын поршеньді двигательдердің жұмыс принциптері мына төмендегі ретпен жүретін процестерге негізделген. Цилиндр ішінде поршень ілгері - кейінді қозғалып тұрады. Соның қозғалысының салдарынан цилиндр ішінде неше түрлі құбылыс пайда болады. Ал цилиндр үсті цилиндр басымен бекітілген, ал оның сыртпен қатысуы соратын, шығаратын клапандар арқылы жүргізіледі.
Поршеннің жүрісі төменнен жоғары қарай бағытталады. Сол кезде екі бірдей клапандар жабық болғандықтан, цилиндр ішіндегі газ қысылады, яғни көлемі азаяды. Мұны қысу процесі деп атаймыз. Қысылған газдың қасиеті бойынша оның көлемі азайып, температурасы көтеріледі.
Поршень жоғары жеткен кезде қысылып тұрған, қызып тұрған жану қоспасына электр ұшқынын беріп тұтандырады немесе қызып тұрған ауаға жанар май шашылады да ол тұтанып жанады. Сонымен қысу процесінің соңында жану процесі іске асады.
Жанған кезде өте үлкен жылу бөліп шығарады да, ол газдың температурасы көтеріледі, ал температура көтерілсе, оның қысымы да артады. Енді осы қысым поршеньді төмен қарай итереді. Мұны ұлғаю процесі деп атаймыз.
Жанған газ ұлғайып біткеннен кейін поршень төменнен жоғары қарай қозғалады. Осы кезде шығаратын клапан ашылады да жанған газ сыртқа қарай поршеньмен итеріліп шығарылады. Бұл процесті - шығару процесі деп атаймыз. Оры қарай осы процестер қайталана береді. Іштен ажантын поршеньді двигательдердің жұмыс поршеннің жүрісіне байланысты атқарылатын сору, қысу, ұлғаю, және шығару процестеріне байланысты болады, олай болса поршеннің бір жүрісін бір такт деп атасақ, мұндай двигательдерді төрт тактылы двигатель деп атауға болады. Себебі барлық жұмыс төрт тактыда атқарылып бітеді. Ал осы жұмыстар поршеннің екі жүрісінде атқарылатын болса, онда ондай двигательдерді екі тактылы іштей жанатын двигатель деп атайды.
Екі тактылы іштей жанатын двигательде клапандар болмайды. Олардың орнына цилиндрдің орта шенінен шығаратын және соратын тесіктер жасайды. Сол тесіктерді поршень өзі жауып, ашып тұрады. Сонда поршеннің жарты жүрісінде бір процесс орындалады.
Іштей жанатын двигательдер жұмыс принциптеріне қарай екі түрлі болады - төрт немесе екі тактылы двигательдер. Осы екі түрінің көп қолдау тапқан түрі – ол төрт тактлы болып саналады. Себебі оның тиімділік көрсеткіштері екі тактылы двигательдерге қарағанда жақсы болады.
Егер сору процессі кезінде сырттан тек аау ғана сорылып кіріп, қысу процесінің соңында оған жанар май шашып араластырып, қызған газдыңтемпературасыарқылы тұтандыратын болсақ, онда ондай двигательдерді дизельді двигательдер деп атайды. Ал егер жану қоспасын цилиндр сыртында орналасқан, арнаулы аспапта дайындап, сору кезінде цилиндр ішіне сол дайындалған жану қоспасы толтырылып, оны арнаулы электр ұшқынымен тұтандыратын болсақ, онда ондай двигательдерді карбюраторлы двигательдер деп атайды.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау
1. Сору тактысында қандай процесс жүреді?
2. Іштей жанатын поршеньді двигательдердің қандай түрлері болады?
3. Қысу тактысы не үшін қажет?
4. Ұлғаю тактысында қандай жұмыс істеледі?
5. Жанған газ қайсы тактыда сыртқа шығады?
Ү. Оқушыларды бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 13 - 17 бет
Сау болыңдар. Сабақ аяқталды.