Электронды есептеуіш машинасының даму тарихы
Алматы облыстық №15 мектеп - интернатының
информатика пәні мұғалімі Байғазы Арай
Сабақтың тақырыбы: ЭЕМ - нің даму тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ЕТ - ң даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен және ЭЕМ - нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру туралы білімдерін дамыту;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру логикалық - абстракциясын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақтың типі: Білім, білік дағдыны дамыту
Сабақтың өту әдісі: көрнекілік әдісі, сұрақ жауап әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, Презентация, плакаттар.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Құрал - жабдықтарын тексеру.
2. Өткен тақырып бойынша білімді жүйелеп, бекіту. (Слайд)
Сәлеметсіздерме, бүгінгі электронды есептеуіш машинасының даму тарихы атты мұражайға қош келдіңіздер!!! Бүгінгі біздің мұражайға сонау Алматы облыстық
№ 15 мектеп - интернатының 7 - сынып оқушысы Ерасыл келіп отыр. Ерасыл осы мұражайға қазіргі біздің пайдаланып жүрген дербес компьютерлеріміздің қалай дамығаны турасында білу мақсатында келіп отыр.
Енді Ерасылға төменде отырған мұражай қызметкерлері Сиқырлы бөлмедегі сиқырлы аспаптар туралы түсіндіріп кетсек.
Сиқырлы бөлме:
Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып аталады. Деректерге қарағанда, есепшоттың жасы 2000 – 5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар “абак” деп, қытайлықтар “суан - пан”, жапондықтар “серобян” деп атаған.
Есепшот Ресейде XVI – XVIII ғасырларда пайда болған.
4. Сабақты бекіту.
I топ - Вирустар, пайда болу себебі, түрлері, зияны
II топ - Антивирустық программалар, түрлері, қызметі
Логарифм сызғыш
XVIII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. 1761 жыл Д РОБЕРТСОН. Англия
1642 жыл Блез Паскаль 10 разрядты сандармен арифметикалық амалдарды механикалық түрде орындайтын қосу машинасын құрастырды. (франция)
Лейбниц ойлап тапқан арифмометр 1694ж Германия
1833 жыл бағдарлама арқылы басқарылатын аналитикалық БЭББИДЖ машинасының жобасы жасалды. (англия)
1846 жылы БЭББИДЖ машинасына бағдарлама жазған
бірінші бағдарламалаушы АДА ЛАВЛЕЙС
1887 жылы Герман ХОЛЛЕРИТ есепші перфорациялық машина құрастырды. Холлерит компьютер шығаратын ІВМ фирмасының негізін қалады. (Aмерика)
1944ж МАРК - 1 автоматты есептеуіш машинасы құрастырылды.
(Говард Айкен Америка)
Бірінші электронды есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ – тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады.
Жалпы түрде музей қызметкерлері Қуанышқа сиқырлы бөлмедегі сиқырлы аспаптармен таныстырып өтті. Енді музей қызметкерлері өз бөлімдеріне барып, өз бөлімдеріндегі электронды есептеуіш машинасының төрт буыны туралы тұжырымдық карта жасап жалпы түрде түсіндіріп өтсе.
І буын: 1940 - 1955жж Элементік базасы ЭЛЕКТРОНДЫҚ ШАМДАР.
ІІ буын: 1955 - 1963жж Элементік базасы Жартылай өткізгіштер, транзисторлар.
ІІІ буын 1964 - 1976жж Элементік базасы Интегралдық схемалар.
IV буын: 1977ж - қазіргі кез Элементік базасы МИКРОПРОЦЕССОРЛАР.
Төрт буын бойынша электронды есептеуіш машиналарының даму тарихы туралы картасы.
Төрт буын жалпы түрде түсіндірілді енді біз болашаққа саяхаттап көрейік яғни бесінші буында V буын Алдағы уақытта болады, Сипаттамасы: Жасанды интеллект. Қарым – қатынас тілі табиғи тілге жақын тіл болып есептеледі.
Жасанды интеллект – бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын, ЭВМ көмегімен семантикаға (мағына проблемасына) жүгіну талап етілетін үрдісте есептеу сипатындағы емес шығармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми - зерттеу бағыты.
ЖИ саласындағы зерттеу 30 жыл бойы жүргізілуде.
ЖИ саласында жұмыстың басталуын ЭВМ - нің жасалуынан деп есептейді, ол адамзаттың ойлау қабілетінің үдерісін қайталауы (имитациялауы) тиіс болды.
60 - шы жылдардың аяғында ЖИ - дің міндеттерін әдістемелік шешу өзгерді, яғни адамның ойлау тәсілдері имитациясының орнына адамзат міндеттерін шешуге қабілетті бағдарламалар әзірлеу басталды, бірақ бұл машиналық - бағыттаушы әдістерінің базасында жүзеге асты.
Бұл кезеңнің сынақ полигоны шешімі қиын түйіндер мен ойындар болды. Бұл шешімдерді іздестірудің тұйықтығымен және шешімді іздестірудің өте күрделі стратегиясын модельдеу мүмкіндігімен түсіндіріледі. Сонымен бір мезгілде ЖИ - ді жасанды ортадан ақиқатқа алып шығуға талпыныс жасалады. Сыртқы дүниені модельдеу проблемасы пайда болды. Бұл интегральды роботтардың пайда болуына әкелді, бұл бастапқыда технологиялық үдерістерге белгілі бір операцияларды орындауға, адамға өте қауіпті ортада жұмыс істеуге тиіс болды. Роботтардың пайда болуына орай онымен әрекеттерді қалыптастырудың функциясын жүзеге асыруға, олар арқылы сыртқы орта туралы ақпарат қабылдауға назар ерекше мән берілді. Роботтардың пайда болуы ЖИ - ге зерттеулердің екінші сатысы деп есептеледі.
Егер ЖИ - ді қолдану саласы жасалған үлгілер бойынша қарайтын болса, онда олар былайша орналасқан болар еді:
Медициналық диагностика, оқу, кеңес беру,
ЖИ - ді жобалау.
Әртүрлі салаларда міндеттерді шешу бойынша пайдаланушыларға көмек көрсету.
Автоматтық бағдарламалау. ПО сапасына тексеру мен талдау.
Өте үлкен интегралды схемаларды жобалау.
Қондырғыларды жөндеу бойынша техникалық диагностика және ұсыныстамаларды жасау.
Әртүрлі пәндік салаларда жоспарлау және мәліметтерді талдау, оның ішінде статистикалық әдістер негізінде.
Геологиялық мәліметтерді интерпретациялау және пайдалы қазбалардың табылуы бойынша ұсыныстамалар.
ЖИ - дің алғашқы үлгілері, әзірлеудің еңбек сыйымдылығы бойынша, 20 - 30 адам/жылды қамтиды. Әзірлеушілер ұжымына кіргендер: пәндік сала сарапшылары, білімге қатысты инженерлер немесе ЖИ жобалаушылары, бағдарламашылар. ЖИ жобалауында дәстүрлі ақпараттық жүйелерді жобалаудан елеулі ерекшеліктері бар. Бұл ЖИ - де “білім” ұғымының, ал дәстүрлі жүйеде “мәлімет” ұғымының пайдалануымен түсіндіріледі.
ЖИ пайда болуымен байланысты жаңа ғылыми пән - инженерлік білімдер пайда болды.
Сергіту сәті: Есепшот пен компьютердің айтысы.
Есепшот
Менің атым «Есепшот» - деп аталады,
Бас барлар менен – дағы бата алады.
Әкең, апаң пайдаланған бәрі де,
Шығарылмай қай есеп жата алады.
Компьютер
Бұрын туған ағасың өзің маған,
Адамға ебім жайлы, мен де жағам.
Дәлдікпен шығарамын есебіңді,
Кім бар екен теңесетін мұнда маған
Есепшот:
Жылдамсың сен, әрі дәлсің, таласым жоқ,
Менің де бұл өмірден аласым көп.
Ойландырам адамды бір сәтке мен,
Сол үшін де әр кез менің көңілім тоқ.
Компьютер:
Есептен де асады, өнерлімін
Экранда көрсетер өнерлінің.
Не керектің бәрін мен орындаймын,
Бар ма екен бұл өмірде менің теңім..
Есепшот:
Бес аспапсың оған да таласым жоқ,
Ісіңе әркімнің де көңілі тоқ.
Жарық болмай қалғанда ауылымда,
Күнің болмай қалады, қадірің жоқ.
Компьютер:
Жарықты айтып алдыма тарта берме,
Бай елім шұқытпайды мені көзге.
2030 - да мұражайдың төрі болар,
Табылмас сізге орын одан өзге.
Есепшот:
Сурет салып, кітап жазып жүре бер,
Бұл өмірдің өзгерісін көре бер.
Қолқанаты бола білген баланы,
О жаратқан, қашанда өзің жебей көр!
Компьютер:
Аға болып, ата болған әуелден,
Бір өзіңді шығармаймыз санадан.
Атаң сенің кім еді деп сұраса,
«Есепшот» деп жауап берем әрқашан
5. Қорытынды.
Рефлексия
Не білдім?, не үйрендім?, нені білгім келеді?.
6. Үйге тапсырма беру: Әр оқушы ескі компьютер түрлерін жаңашыл компьютер түрлерімен салыстырып келу.