Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
«Еңбекші қазақ» көркейсін

«Еңбекші қазақ» газеті төртке толды.

1921 жылы ашаршылық-жоқшылық уақытында туған қазақ еңбекшілерінің жас ұланы беске аяқ басты. Жалпы кеңес үкіметінің жыл сайын күшеюімен бірге кеңеске қараған жалпы елдің шаруашылығы жыл сайын оңалуымен бірге «Еңбекші қазақ» газеті де жөнделіп келеді. Бұдан былай да жалпы шаруашылықпен бірге жөнделе бермек. Газеттің тәжірибесі ұлғая бермек. Газет қызметкерлері төселіп, олардың саны да арта бермек.

Газет деген нәрсе бұрынғыдай емес. Халық арасында жыл сайын таралуы ұлғайып келеді. Газетті оқушылардың саны да жыл сайын көбейе бермек.

«Еңбекші қазақ» газеті — қазақтың еңбекші табының газеті. Сол себепті еңбекші тапқа ғана қызмет қылып, еңбекші таптың ғана пайдасын тілейміз.

«Еңбекші қазақ» газеті — еңбекші таптың айнасы болсын, көркейсін «Еңбекші қазақ!»

1925 жыл


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама