
- 10 шіл. 2025 16:21
- 29
Ермұрат Бәпи Тоқаев саясатын мақтап мақала жазды, бірақ өткір мәселелерді айналып өтті
Мәжіліс депутаты, бұрынғы оппозициялық журналист Ермұрат Бәпи 3 шілдеде «Ескі де, жаңа ел туралы қисынсыз мифтер» атты мақала жариялап, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын жағымды қырынан сипаттауға тырысқан. Мақала datnews.info сайтында шықты.
Бәпи бұл жазбасында Нұрсұлтан Назарбаев кезеңін сынап, сол тұста «тәртіпке» қарсы шыққандардың қудаланғанын еске салған. Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев тұсында орын алған саяси қуғындар туралы ештеңе жазбаған.
Депутат партия құру жеңілдеді деген тұжырымын алға тартқанымен, бірнеше мәрте тіркеуден өте алмай жүрген «Алға, Қазақстан» оппозициялық партиясының жағдайына тоқталмаған. Бұл партияның жетекшісі Марат Жыланбаев 7 жылға сотталған.
Сондай-ақ Ермұрат Бәпи БАҚ-қа қысым азайды деген пікір айтқанымен, бұл тезис те қоғамда дау туғызды. Ол мақалада түрмедегі журналист Думан Мұхаммедкәрім, не Киевте жұмбақ жағдайда қаза тапқан «Бәсе» арнасының авторы Айдос Садықов туралы бірде-бір сөз қозғамаған.
Саяси сарапшылар Бәпидің бұл мақаласын билікке «жақындау» әрекеті ретінде бағаласа, кей оқырмандар оны оппозициялық көзқарастан толықтай бас тартты деп сынап жатыр.
-
Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалардың ірі көлемде пара алу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын растады. Қылмыстық іске «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «Б...