Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 38 минут бұрын)
Иран Ормуз бұғазын жабатынын мәлімдеді – әлемдік мұнай нарығына соққы тиюі мүмкін

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы, бригада генералы Ализера Тангсири Ормуз бұғазының жабылатынын хабарлады. Бұл бұғаз – ғаламдық мұнай тасымалының күретамыры саналады.

Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнай мен мұнай өнімдерінің 20%-ы, яғни тәулігіне 20 миллион баррельден астам көлемде тасымалданады. Күн сайын бұл теңіз дәлізін кемінде 100 танкер кесіп өтеді. Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің мұнай экспорты осы маршрутпен жүзеге асады – тиісінше 7 млн және 1,5 млн баррель тәулігіне.

Сондай-ақ, әлемдік сұйытылған табиғи газдың (СТГ) 20%-ы осы бұғаз арқылы тасымалданып отыр. Катар мен БАӘ үшін бұл маршрутқа балама жоқ.

Ормуз бұғазы – Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт, Катар, БАӘ мен Иран секілді негізгі шикізат жеткізушілер үшін стратегиялық маңызға ие. Ал мұндағы мұнайдың 70%-ын Азия елдері – Қытай, Үндістан, Жапония мен Оңтүстік Корея тұтынады.

Мұнай бағасының күрт өсуі мен әлемдік нарықта энергетикалық тұрақсыздық қаупі шындыққа айналуы мүмкін. АҚШ сенаторы Марко Рубио бұл қадам аймақтық шиеленісті ушықтыратынын мәлімдеді.

Жаңалықтар

Жарнама