
- 01 там. 2025 17:10
- 39
Жетісу облысы жаппай жарықсыз қалды: Талдықорған да қараңғыда отыр
Бүгін, шілденің 31-і күні сағат 14:00 шамасында Жетісу облысында ірі электр ақауы орын алып, тұтас өңір жарықсыз қалды. Электр қуатының өшуі Талдықорған қаласын, тұрғын үйлерді, инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды қамтыды. Бұл туралы ресми ақпаратты "ТАТЭК" АҚ таратты.
15:30 уақытындағы жағдай бойынша жарық әлі берілмеген. Апаттың нақты себебі анықталып жатыр. Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде мектептер, ауруханалар мен дүкендерде де жарықтың жоқ екенін жазуда.
Энергетика саласының мамандары жүйелік ақау немесе қосалқы стансадағы техникалық істен шығу болуы мүмкін деген болжам айтады. Қазір апаттық бригадалар іске қосылып, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Жетісу облысында мұндай ауқымды электр үзілісі соңғы жылдары алғаш рет тіркеліп отыр. Тұрғындар болса, төтенше жағдай кезінде жауапты органдардан жедел әрі ашық ақпарат таратуды талап етуде.