Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Индонезияда есірткі тасымалдаған екі қазақстандыққа өлім жазасы тағайындалуы мүмкін

Индонезияда есірткі тасымалдаған екі қазақстандыққа өлім жазасы тағайындалуы мүмкін

Индонезия билігі жүргізген ауқымды арнайы операция кезінде есірткі тасымалдаған деген күдікпен екі қазақстандық азамат қамауға алынды. Рейд барысында 683,8 келі (0,68 тонна) есірткі тәркіленіп, 285 адам ұсталған. Олардың қатарында 29 әйел және 7 шетелдік азамат бар.

Индонезияның құқық қорғау органдары қазіргі таңда қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Есірткіге қатысты заңдары қатаң бұл елде күдіктілер өлім жазасына тартылуы мүмкін.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Джакартадағы Қазақстан Елшілігі жергілікті тергеу органдарымен және ұсталған азаматтардың туыстарымен тұрақты байланыс орнатқан.

Аталған дерекке қатысты тергеу жалғасуда.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама