Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Павлодар мен Екібастұзда қатты жел салдарынан ағаштар құлап, тұрғындар жарықсыз қалды

Павлодар мен Екібастұзда қатты жел салдарынан ағаштар құлап, тұрғындар жарықсыз қалды

Екібастұзда 500 кВ кернеулі электр жеткізу желісінде ақау тіркеліп, автоматты қорғаныс жүйесі іске қосылды. Бұл жағдайға қолайсыз ауа райы себеп болған.

Ұқсас оқиға Павлодарда да орын алды. Қатты жел жолындағының бәрін жайпап өтті. Көптеген тұрғындар жарықтың сөнгенін айтып шағымдануда.

Ал Ақсу қаласында дауыл кезінде ағаш құлап, бір әйел көз жұмды. Ағаштың сынған бұтағы әйелдің кеудесін тесіп өткен.

Төтенше жағдайлар қызметі табиғат құбылысына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама